ООН-ның әлеуметтік жобасы аясында қолға алынған Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен тұрақты дамуға жету мүмкіндігі жолдарын кеңейту мақсатындағы Астана қаласындағы «Үнсіз əлем» және облыстық «Ұрпақ Next» қоғамдық қорларының бастамасымен аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыру бағытындағы әлеуметтік мекеменің ашылу салтанаты болды.

Жобаны жүзеге асыру аясында облысымыздың мүмкіндігі шектеулі 15 әйелі тігу, тоқу, моншақ тізу, бас киімдер тігу, ұлттық сый-кәделер даярлау бойынша тәжірибе курсынан өтті.

Бұл жоба «Үнсіз əлем» және «Ұрпақ Next»  қоғамдық қорының бастамасымен Астана қаласында өткен республикалық «2016 жылдың үздік әлеуметтік жобасы» байқауына қатысты.

Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорын Маңғыстау облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтармен, тігін құралдарымен, материалдармен жарақталып, баспанамен қамтылды.

Жаңадан ашылған мекемеге Ақтау қаласынан мүмкіндігі шектеулі — 10, Жаңаөзеннен – 2, Мұнайлы ауданынан — 3 қыз-келіншек жұмысқа орналасты.

Жуық арада «Қазына Brand» ұлттық брэнд үлгісіндегі ерлер және балалар киімін даярлауды жобалап отыр.

Үміт ЖӘЛЕКЕ