2016 жылдың 21 қыркүйек күні Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні»  өткізілді.

«Ашық есік күніне» қатысушыларды Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов пен кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат  қабылдады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Шекара Қызметіне қарасты әскери бөлім  өкілдері мен тілші қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Әскери соттың төрағасы М.Алдабергенов және кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат  қойылған әр бір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар берді.  

Мұндай іс-шаралар сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында өткізіліп отыр. 

Б.Бакиев
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Шекара Қызметіне қарасты 2018 әскери бөлімінің
заңгері