сот заң

Ақтау гарнизоны әскери соты талапкер ҚР ҚМ «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің жауапкер С-ке, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы — «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Департаментіне, Мұнайлы ауданының Әкімдігіне 17.07.2014 жылғы Мұнайлы ауданы Әкімдігінің № 255-Қ қаулысын, 05.12.2013 жылғы «Мұнайлы аудандық архитекторлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің № 1272 бұйрығының күшін жою, С-ке № 0190468 иелену құқығымен берілген көлемі 0,25 га жер учаскесінің мемлекеттік актісінің тіркеуін, 01.07.2013 жылғы № 370 жер учаскесін бекіту туралы актісін және 17.03.2014 жылғы № 265-Н қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісін жарамсыз деп тану, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігіне тиісті қызметтік ғимараттан С-ті шығару туралы талап арызы бойынша және С-тің Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-не, Мұнайлы ауданының Әкімдігіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы — «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Департаментіне, 22.08.2012 жылғы Мұнайлы ауданы Әкімдігінің № 212-к қаулысын жарамсыз деп танып, оның күшін жою туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында анықталғаны, Мұнайлы ауданы, «Қызылқұм» елді мекені «Песчаный» маягі мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-не және С-ке  тиесілі жер учаскелерін тексеру кезінде, С-ке берілген жер участкесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің жер участкесінің аумағында орналасқаны анықталды.

Ақтау гарнизоны әскери сотының шешімімен талапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің талабы ішінара қанағаттандырылды.

Ал, С-тың арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

А. ШПИЛЕВ
ҚР ҚМ «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» РММ-нің талапкер өкілі