Өкініштісі сол, елімізде сыбайлас жемқорлық кең етек алған үйренішікті іске айналғаны жасырын емес. Елді жайлаған жемқорлық жегі құрттан бетер қарқын алып, әділдік пен туралық секілді ізгі қасиеттерді жалмап барады. Өйткені, пара алып үйренген мемлекеттік қызметкер көбіне өз қызметін адал атқармайды, заңды сыйламайды, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінбейді. Мұндай қылықтар қалың көпшіліктің наразылығын тудырып, билікке деген сенімсіздікке итермелеуде. Мұның ақыр соңы бірліктің, елдіктің, тұтастықтың жігіне сына қағып, мемлекетке орасан зор ақшалай және рухани тұрғыда зардабын тигізуде. Бұл тығырықтан шығуға әрбір саналы азаматтың әділдікті жақтап, қоғам өмірінде белсенділік танытуы арқылы, яғни құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын, заң шеңберінде қорғалуын талап етуі нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы іс-шараларын өткізу мақсатында Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс- шараға  Ақтау гарнизонының әскери аға прокуроры,  Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҚМ әскери полиция бөлімінің бөлімінің әскери қызметкерлері,  Маңғыстау облысы Қорғаныс істер Департаментінің заң қызметінің бастығы,ҰҚК ШҚ 2201 әскери бөлімінің заң қызметкері мен ҚР ҚМ 29011 әскери бөлімінің орынбасары және тілші қатысты.

Іс шарада Ақтау гарнизоны әскери сотының  төрағасы М.С.Алдабергенов аталған тақырып бойынша Ақтау гарнизоны әскери сотымен қаралған қылмыстық істерге тоқталып, сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жақсы деңгейде жолға қойылғанын, яғни  барлық семинар сабақтар, жоспар бойынша өткізілетін дөңгелек үстелдерде міндетті түрде  сыбайлас жемқорлық жөнінде түсіндіріліп, ескертулер айтылып отыратынын, осындай шаралардың алдағы уақытта күн тәртібінен түспейтіндігін айтып өтті.

А. Байдуллаева
Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҚМ әскери полиция бөлімінің бөлімінің әділет лейтенанты