Ақтау мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті. 18 мамыр күні өткен жарысқа 12 команда қатысты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Турнирді Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ұйымдастырды.

Іріктеу нәтижесінде І орынға облыстық сот әкімшілігі ие болса, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ІІ орынды иеленді. Ал Қарақия ауданы әкімдігінің қызметкерлері ІІІ орынға ие болды.

Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Алиев,  Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және мобильді топ бөлімінің бас маманы Жомарт Елубаев,  Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асет Ермуханов «Ең үздік ойыншы» атанды. Үздік деп танылған ойыншылар облыстың атынан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастыруымен өтетін республикалық турнирге жолдама алды. Турнир 19-21 маусымда Павлодар қаласында өтеді.

«Жарыстың мақсаты — мемлекеттік аппараттың кәсіби және достық қарым-қатынасын нығайтып, мемлекеттік қызметтің имиджін және тартымдылығын арттыру, волейбол спортын дамыту», — деп мәлімдеді Агенттіктің Маңғыстау облыстық департаментіндегілер.