Оқу жылының аяғында жағымды жаңалық! Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілі Мехмет Бодұр Маңғыстау ауданындағы мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға жәрдемдесті.

2

Тұщықұдық селосындағы С.Жаңғабылов атындағы орта мектепке оқушыларға арналған парталар мен орындықтар, интербелсенді тақта бас компьютерімен, мұғалімдерге және зертханаға үстел орындығымен, химия кабинеті, зертханалық жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар берілді. Сондай-ақ қайырымды жандардың көмегімен Шебірдегі Қаратөбе орта мектебіне лингофон-мультимедия кабинеті,оқушыларға арналған парта мен орындықтар, ұстаздарға арналған үстел мен шкафтар, интербелсенді тақта бас компьютерімен, ағылшын, орыс, қазақ тілі пәндерінде оқушы мен мұғалімнің тікелей байланысын орнатуға арналған кабинет жасақталды. Шетпе селосындағы Н.Жұбаев атындағы орта мектепте технология кабинеті жабдықталып, жаңа құрал-жабдықтар әкелінді.

3

Білім саласында жан жадыратарлық жаңалықтың құрметіне Нұн Жұбаев атындағы орта мектепте салтанатты жиын өтті. Шараға Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілі Мехмет Бодұр мен аудан әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов, аудандық білім бөлімінің бастығы Светлана Қалиева және мұғалімдер қатысты.

4

–Түркия Республикасы Қазақ елімен бауырлас мемлекет. Елбасы Н.Назарбаев болашақтың тұтқасын ұстайтын жастарға зор сенім артып отыр. Сондықтан жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қажетті жағдай жасауымыз қажет. Екі ел арасындағы ықпалды ынтымақтастықты артып, алдағы уақытта да осындай демеушілік көмек көрсететін боламыз, – деді Мехмет Бодұр.

22

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық білім бөлімінің бөлім басшысы Светлана Қалиева Мехмет Бодұрға аудан әкімі Ж.Айтуаровтың атынан Алғыс хат табыстады.

6

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ