лесной пожар

Биылғы жылдың көктемінде Бейнеу ауданына жауын-шашын көп түскендіктен, дала жасыл желекке оранды. Жаз айларында қатты ыстықтан шөп-шалаң қурап, өртену қаупі туатыны белгілі. Далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдардың өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.

Маңғыстау облысында құрғақ және желді климат, шөптесін өсінділердің көп болуы дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін желдің бағыты және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу, отты жермен көміп, үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай,қайта тұтанбайтынына көз жеткізу қажет. Егер өрт аймағында болсаңыз өзө күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап, құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Далада және орманда жүргенде жанып жатқан сіріңке, темекі тұқылын тастауға, тез тұтанғыш және әлсіз жанғыш материалдан оқ тығынын қолдануға, майланған немесе жанғыш заттар сіңірген материалдарды қалдыруға, отынмен бактарды толтыруға, көлік жанында темекі шегуге, отты тұтандыруға, шөптерді өртеуге, тамызғыш линзалар бола алатын бөтелкелер, сынған әйнектер тастауға болмайды. Сіздерден табиғатта дем алған кезде осы қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызы сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.

Е.ЛЕПЕСОВ,
Бейнеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.