сот

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам үшін мемлекеттік қызметшің өзінің барлық күш жігерін, білімі мен тажірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына адалда қалтқысыз қызмет етеді.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын міндет, талап өте жоғары. Заңнамалары бар, соны мүлтіксіз орындауы тиіс. Этикалық ар-ождан қағидаттарында сақтауға мүдделі. Білімі, біліктілігі, тіпті киім кию, жүріс-тұрысынада зор жауапкершілік жүктелген. Мемлекеттік қызметкер деген атынын өзі абыройлы.

Әрине, сол барлық талаптарға сай келе жүріп, мемлекеттік қызметтің аса жауапты жұмысын атқару барысында көбіміз өз денсаулығымызға мән беруге уақыт таппай жатамыз. Сол себепті салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік қызметші үшін аса маңызды болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді әрқайсысымыздың санамызға сіңіріп, өз денсаулығымызды күтуге жауапкершілікті қалыптастыру баршамыздың борышымыз.

Салауатты өмір салтын ұстанудың басты жолы спортпен шұғылдану екендігі бәрімізге мәлім. Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың- жаны сау» деп бекер айтпаған. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Синна да өз щығармаларында көрсетіп, денсаулық пен өмірді жақсарту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін жеткізген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман
А. АЙТБАЕВА