Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл және  Мемлекеттік қызметші күніне орай ауданның жас әрі іскер мемлекеттік қызметшілері арасында  «Тілге қызмет-елге қызмет» атты байқау өтті. Басты шарты мен басымдылығы тілге деген құрметіне, сөз саптауы мен сауатына берілген бұл байқау  4 кезеңнен тұрды.  Байқаудың «біздің ұжым» деп аталатын алғашқы кезеңінде қатысушылар үй тапсырмасы бойынша видео, слайд арқылы өздерін ғана емес, өздерінің  ұжымы арасындағы байланысты көрсете ұжымдарын таныстырып шықты.

Қатысушылардың екінші бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы және Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңынан тест сұрақтарымен білім деңгейлері, заңдық сауаты тексеріледі.

«Тіл» туралы мақал–мәтелден жаттанды емес, жөні бөлек, мағынасы мәнді мақалдарды тізбектеген қатысушылар «ой толғау» бөлімінде өздерін әкім, депутат, есепші, кәсіпкер ретінде танытып, өз жоспарларымен сол салаға әкелер тың жаңалықтарымен таныстырды.

Сайыс нәтижесінде өзін озық көрсетіп, білімі мен білігін, сауатын танытқан «Түпқараған  ауданы  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыру  бақылау  бөлімінің бас маманы  Қыдырбаев Нұрболат  Жетібайұлы байқау жеңімпазы атанып, бірінші орынды жеңіп алды.

Өз ісіне ұқыпты әрі сауатты жас маман Нұрболат мақал –мәтел мен «ой толғау» турында да өзін ерекше көрсетті. Білімі мен білігі сай маманның сөз саптасы мен ой ұшқырлығын танытқан «ой толғау» турында ол өзін кәсіпкер ретінде ауданның туристік кластерін құрып, бос жатқан теңіз жағасын кәсіп көзі ретінде пайдалану қажеттігін айтты. Байқау барысында сервистік бағытта да тың идеяларын ұсынған Нұрболаттан болашақта бір ауданның ғана емес, бір облысты басқаратындай сауатты әкім шығатына сенімдіміз.    

«Таушық ауылы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің   жетекші маманы  Нұрова Асемгул Әлімқызы өзін байқау барысында жақсы көрсетіп,  жүлделі 2- орынды жеңіп алса, «Баутин ауылы  әкімі  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  бас маманы  Айтова Жумазия Айсултановна 3-орынды иеленді. «Форт-Шевченко қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік    мекемесінің  бас маманы  Нурбаева Жанар Азирбаевна мен Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының бас маманы  Даутова Нургуль Джаумытовна  ынталандыруға лайық деп танылды.                                                                                                                             

Байқау жеңімпаздары  Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қаржылай ақшасымен және дипломдарымен марапатталады.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретке түсірген автор

Түпқарағанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды

Түпқарағанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды

Түпқарағанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды

Түпқарағанның үздік мемлекеттік қызметкері анықталды