Футболдан

18-19 аралығында Ақтауда Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының кубогы сарапқа салынған шағын футболдан турнир өтті. Оған облыстағы кәсіподақтар ұйымының мүшелері белсене қатысып, жүлделі орын үшін тартысты ойын үлгісін көрсетті.

Конституция күніне орай өткен спорттық бәсекені облыстық кәсіподақ орталығы мен «Келешек» жастар қанаты ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатына облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қ. Жанабеков, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажыгереев және аймақтың кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.Футболдан өткен жарыстың жеңімпазы-«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы атандыШағын футболдан өткен турнирге өңірдегі ірі өндіріс мекемелерінен, облыстық денсаулық сақтау, білім беру және байланыс саласының жұмысшы жастарынан құрылған 17 команда қатысты.

Тағы оқыңыздар: Аралас айқас арландары Астанада

Бүгін міне Ата Заңымыздың мерекесіне шағын футболдан турнир ұйымдастырылып отыр. Бұған Маңғыстау өңіріндегі барлық өндіріс мекемелерінің командалары қатысуда. Мұндағы баршамыздың мақсатымыз бір – жастарды спортқа шақыру, бір-бірімен жақын таныстыру, бәрі  ауызбіршілікте болып, осы жерде бәрі дос тауып, араласып тұруына жол ашу. Соңғы кездері аймағымызда осындай ауқымды шаралар жиі ұйымдастырылып тұратыны бізді қуантады. Жуырда Маңғыстау облысы әкімінің кубогына арналған жарыс болады, біз оған да қатысамыз деп жоспарлап отырмыз. Бүған дейін «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде  облыстық кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен өткен волейбол турниріне де қатысқан болатынбыз. Жастар осындай шараларды күтеді. Түсіністік танытып, қолдау көрсетіп, жастарды осындай бәсекелерге қатысуға жіберіп жатқан кәсіпорын басшыларына да рахмет,-дейді «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Айдынов.Футболдан өткен жарыстың жеңімпазы-«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы атандыЕкі күнге жоспарланған жарыстың қорытындысында үздік ойын көрсетіп, қарсыластарының барлығын ойсырата ұтқан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы үздік танылып, жарыс жеңімпазы атанды. Жарысты ұйымдастырушылар атынан жеңімпаз командаға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Екінші орынды «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ командасы місе тұтты (70 мың теңге). Үшінші орынға «ОСК» командасы командасы тұрақтады (50 мың теңге). Турнир қорытындысы бойынша өз командаларының намысын қорғап, шебер ойын көрсеткен жекелеген футболшылар да марапаттан тыс қалған жоқ. «Үздік ойыншы» аталымымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасының ойыншысы Виктор Семёнов және «Үздік қақпашы» аталымымен «ОСК» командасының қақпашысы Жандос Қашқынбаев марапатталды. Одан бөлек, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығын медицина саласы қызметкерлерінің құрама командасына табыстады. Команда құрамында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем стансасы, Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы мен №2 Жаңаөзен қалалық емханасы да өнер көрсеткен болатын.Футболдан өткен жарыстың жеңімпазы-«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы атанды-Жарыс өте тартысты өтті. Бұл жолы жеңімпаз командалардың қатарынан көріне алмасақ та, «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығымен марапатталдық. Командамыздағы барлық ойыншыларға ұйымшылдығы үшін алғыс айтамын. Жерлестерімді Конституция күнімен құттықтаймын. Бейбіт елде бақытты ғұмыр кешейік, әр отбасына табыс тілеймін,-дейді облыстық медицина саласы қызметкерлерінің құрама командасының капитаны Мұрат Белбаев.

Венера МИРЛАН