Көшеде келе жатып, мына жайға қанық болдым. Бір орта жастағы әйел лотерея ойнап тұр. Дүңгіршіктен арзан бағаға шағын лотерея сатып алған Гүлнәр есімді Ақтау тұрғыны көз алдымда 5000 теңге ұтып алды. Жеңіл ақша болса да, бақ деген осы екен. Тіпті, суретке түсіруіме де қарсы болған жоқ.

Әдетте, оңай ұтыс ұтып жатқан адамға «қолы шыққыш», «жолы жеңіл» адам екен деп жатады.    Ал сіз көшеде лотерея ойнап көрдіңіз бе? Мұндай ұтыс жеңіл жолмен келеді дегенге келісесіз бе?  

Талант ҚҰСАЙЫН

Суреттерді түсірген автор

%d0%b0%d0%b9%d1%84%d0%be%d0%bd