Аудан әкімі Темірбек Асауов  медицина саласының қызметкерлерін құттықтады. Маусым айында тойланатын кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі аудан денсаулық саласында қызмет етіп жүрген бір топ қызметкерлерге «алғыс хат» табыстаса, ауданның бас дәрігері Гүлшат Бақытқызы Шалабаева Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Бағила Қалиеваны, адам өмірі мен денсаулығын сақтауда үлес қосқаны үшін  Кенжеғали Қаниды марапаттады.

Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша Түпқараған орталық аудандық аурухана ұйымдастыруымен өтетін байқау негізінде «жылдың ең үздік дәрігері» Садуақасов Қайрат Маратұлы атағын иеленді.   «Жылдың ең үздік мейірбикесі» атағын жылы жүзбен қарсы алып, өзінің аналық шуағын шашаштын мейірбике Фазылова Амира иеленді.

Ауданымызда көбінің денсаулықтары сыр бергенде дәл тауып диагнозын қойып, емін беретін Қайратты танымайтын адам жоқ.  Хирург -дәрігердің сәтті жасалған оталары ертесіне -ақ ел ішінде мақтау әңгімеге ұласады. Елдің бәрі құрметтейтін Қайрат Маратұлы облыста да өз тәжірибесін танытып үлгерген дәрігер. 

Көпшіліктің балалары мен немерелерінің «сүндет» тойын жасауына септігі тиіп жүрген Қайрат  Садуақасовты ауданда бәрі «қолы жеңіл» деп мақтап жататыны да бар . Қолы икемді, емге епті дәрігер — Қайрат бір жылдары аудандық аурухананы да басқарған болатын. Отаны ойланбастан жасайтын бұл дәрігер қолынан талай адам бейнетіне қарай соқыр ішегін кестіріп, тіпті перзентханадағы қиын босанушыларды шалғайдағы облыс орталығына салдырлатып қоя бермей, дүние есігін ашқан сәбидің кіндігінде кестіріп жатырғанын жие естиміз.  Білігін де, білімін де дәлелдеген дәрігердің талай адамның ажалына араша болып, еміне дем болатынына сене отыра Қайраттай азамат дәрігері бар ауданның денсаулық саласы ақсамайтына сенеміз.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Суретті түсірген автор  

IMG_9557

Түпқараған үздік дәрігерін анықтады

Қайрат Садуақасов