Маңғыстау облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағының» хабарлауынша, 2017 жылдың өткен кезеңінің суға түсу мезгілінде 16 адам суға батып кеткен, ал 24 адам құтқарылған.

Сондықтан суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласының «Әскер жағажайында» құтқару бақылау мұнарасы (байқау тікқондырмасы) орнатылды.

вышка

Дәл осы аймақта 2017 жылдың 30 шілдесі күні 2 адам суға кеткен еді. Осы оқиғадан кейін «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары және волонтерлары күн сайын кезекшілікке тұрады.

Судағы қайғылы оқиғаларды болдырмау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар әр күн сайын облыс су айдындарында патрульдік, рейдтік шаралар жүргізеді.

Жасақ өкілдерінің айтуынша, барлық қайғылы оқиғалар шомылуға рұқсат етілмеген орындарда болған. Ол жерде құтқарушылар болмайды. Өкінішке қарай, онда сүңгуірлер негізінде, қайтыс болған адамның денесін табуға немесе судан шығару үшін келеді. Бұдан өзге, осы жылы қаза болған тұлғалардың жартысы демалу кезінде, мас күйінде суға түскен.

Құтқару ның мамандары суға шомылуға болмайтын аймақтарда, білмейтін жерлерде суға түспеуді, тексерілмеген және терең үңгірлі, ағымы қатты, лайлы су қоймаларында шомылмауды ескертеді.