Тамыз

Маңғыстау облысының Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында, халықаралық түрксой ұйымының және МО әкімдігі қолдауымен «Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі» өтеді! Фестиваль «Қазақстанның еңбек ері», СССР халық әртісі, КАЗССР халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналады!

Фестивальдің құрметті қонағы — Асанәлі Әшімов! Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы: — Талғат Теменов Астана, Қазақстан қазылар алқасының мүшелері: — Эрдал Кючюккемюрчю Анкара, Түркия — Исрафил Исрафилов Баку, Әзірбайжан — Лаша Чхартишвили Тбилиси, Грузия — Азамат Сатыбалды Алматы, Қазақстан — Есмұхан Обаев Алматы, Қазақстан «Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалінде» — Иран театры — Әзірбайжан театры — Астрахан театры — Ноғай театры — М.Әуезов театры — Н.Жантөрин театры өнер көрсетеді!Тамыз айының 24 - 28 күндері аралығында!Өтетін уақыты: 24 — 28 тамыз күндері келем деушілерге есік ашық! Кіру тегін!