21 шілдеде Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Аманбеков Сапар Халилұлының қатысумен Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында орындалған жұмыстар жөнінде пресс-конференция өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының жылу, су және су бұру бағыты бойынша Маңғыстау облысында 2015-2017 жылдар аралығында келесідей жобалар жүзеге асырылды.

Жалпы құны 1 027 241,26  мың теңгені құрайтын «Инженерлік желілердің құрылысы және қайта құрылымдау (жылумен жабдықтау) 2 кезек» жобасына, 2015 жылы Ұлттық қордан – 927 241,0 мың теңге бөлінді, Ақтау қаласының 8«а», 9, 12, 14, 15, 22, 23 шағын аудандарының магистральді жылу желілері, яғни  ұзындығы 10450 метрді құрайтын дм. 108 мм-ден  530 мм-ге дейінгі  сырты жылу жібермейтін оқшауланған арнайы құбырлармен ауыстырылды.  2016 жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, жоба іске қосылды.

Жалпы құны 1 067 391,08 мыңтеңгені құрайтын,  «Жаңа (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32а, 33, 34а, 35) шағын аудандардың кәріз тарату желілерінің құрылысы» жобасына 2015 жылы  Ұлттық қордан –734 391,0 мың теңге бөлінді.

«Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының өнімділігін арттыру бойынша қайта құрылымдау» жобасына 2016 жылы  Ұлттық қордан 3 138 307 мың  теңге  қарастырылды.

«Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосында дербес қазандықтар салу»  жобасына  2016 жылы Ұлттық қордан  710 016 мыңтеңге қаражат бөлінді.

«Форт Шевченко қаласына және Баутино ауылына су құбырын жүргізу. Форт-Шевченко қаласындағы жеке тұрғын үйлерге жүргізілетін су құбыры және су қабылдағыш ұңғымасынан су құбырының сорғы стансасының (ССС) алаңына дейін су таратқыш» жобасына 2017 жылы Ұлттық қордан 1 450 039 мың теңге қаражат бөлінді.