Ақтау қаласы, 33 және 34 шағын аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық. «Айна» ЖШС директоры Нәби Айғарақов №3 бағытындағы автобус аялдамалары кеңейтілгенін хабарлады.

— Алдағы дүйсенбіден, яғни 24 шілдеден бастап №3 автобус 33 шағын аудандағы 21 үйдің жанына дейін баратын болады. Ол жер қоғамдық көліктің ең соңғы тұрақтайтын аялдамасы болмақ. Біз бұрынғыға 4 жаңа аялдама және екі автобус қостық. Енді барлық автобус саны 18-ге жетті. Әр автобустың бір-бірінен ұзақтығы 8 минутты құрайды. 33 шағын аудандағы тұрақтан ең соңғы автобус 20:00-де аттанып, 21:00-де өз жұмысын аяқтайды, — дейді Нәби Айғарақов.

«Айна» ЖШС басшының айтуынша, аялдаманың бірі – 32А шағын ауданындағы 21 үйдің маңынан, бірі студенттерге арналған спорт кешені жанынан және қалған екі аялдама 33 шағын ауданннан қосылған.