дзюдо

Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада 7 алтын, 8 күміс және 10 қола медальмен Ресей құрамасы медаль кестесінде көш бастады. Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 10 қола жүлдені еншілеп, екінші орынға жайғасты. Оңтүстік Корея құрама командасы болса 2 алтын, 3 қоламен үздік үштік қатарынан көрінді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Азия кубогында Қазақстан туын желбіретіп, әнұранды орындатқан Виктор Демьяненко 100 кг-ға дейінгі салмақта күресті. Спортшы жеңісінің артында жылдар бойы төгілген маңдай тері мен бірнеше жарақаттың ізі жатыр. Десе де, Виктор оның бәрін жеңістің жемісі деп біледі. Алматылық спортшы болашақта Олимпиада ойындарында бақ сынағысы келетінін жеткізді.

 — Ақтық ойындағы қарсыласым осал емес, бұрын күрескен едік. Ол бірнеше дүркін Азия чемпионы. Бүгін жеңіс маған бұйырыпты. Жеңіске жету оңай болмады, қарсыластарымның барлығы да мықты, — дейді Азия кубогының жеңімпазы Виктор Демьяненко.

18-19 шілде күндері өткен жарысқа Ашық Азия кубогына тек Азия емес, Еуропа құрлығынан да спортшылар қатысты. Барлығы 11 елдің, атап айтқанда, Әзірбайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Испания, Тәжікстан және Өзбекстан сынды елдерден 175 татами шебері Ақтау татамиында өзара мықтыны анықтады.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес биыл екінші рет Азия кубогы ретінде ұйымдастырылған турнирді Азия дзюдо одағының спорт директоры жоғары бағалады:
— Былтыр бірінші рет ұйымдастырылғанда қатысушы елдер де, спортшылар саны да аз болған болатын. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа қатысушы елдер саны өскені қуантады. Сонымен қатар, тек Азия емес, Еуропа құрлығының спортшылары да бақ сынауға келіп жатыр. Дәл осындай қарқынмен жыл сайын жоғары дәрежеде өтетін болса, жарыс дәрежесі де өсуі мүмкін, — дейді JUA спорт директоры Дэвид Картер.

Назарларыңызға жарыс қорытындысын ұсынамыз:
Әйелдер
48 кг
1.Дария Пичкалева (Ресей)
2.Мариям Есеркеева (Ресей)
3.Ка Ли Уонг (Гонконг)
3.Кристина Булгакова (Ресей)
52 кг
1.Анна Казюлина (Қазақстан)
2.Дарья Грибанова (Ресей)
3.Ким Йхеон (Оңтүстік Корея)
3.Виктория Васильченко (Ресей)
57 кг
1.По Сум Леунг (Оңтүстік Корея)
2.Виктория Байдак (Ресей)
3.Анжелес Лопез Агюлера (Испания)
3.Данна Нагучева (Ресей)
63 кг
1.Иоланта Бердибекова (Қазақстан)
2.Анастасия Коляденкова (Ресей)
3.Гүлзада Алмаз (Қазақстан)
3.Софя Матова (Ресей)
70 кг
1.Ксения Задварнова (Ресей)
2.Эльвира Камалова (Ресей)
3.Зере Бектасқызы (Қазақстан)
3.Даваасурен Мунхбат (Моңғолия)
-78 кг
1.Марина Букреева (Ресей)
2.Зарина Райфова (Қазақстан)
3.Татияна Лиалина (Ресей)
3.Светлана Воронина (Ресей)
+78 кг
1.Да Еун Парк (Оңтүстік Корея)
2.София Пирогова (Ресей)
3.Назгүл Маратова (Қазақстан)
3.Нұрғаным Тұршабек (Қазақстан)

Ерлер:
60 кг
1.Блиев Аюб (Ресей)
2.Рамазан Абдулаев (Ресей)
3.Бауыржан Нарбаев (Қазақстан)
3.Яшар Нажафов (Әзірбайжан)
66 кг
1.Есет Қуанов (Қазақстан)
2.Алиреза Хожастех (Иран)
3.Әбілхайыр Мәуленин (Қазақстан)
3.Мурад Шопанов (Ресей)
-73 кг
1.Аюб Хажалиев (Ресей)
2.Мохаммад Мохаммади (Иран)
3.Барыс Қуан (Қазақстан)
3.Сеунгу Ким (Оңтүстік Корея)
-81 кг
1.Турпал Тепкаев (Ресей)
2.Айбол Нысанали (Қазақстан)
3.Павел Берлин (Рсей)
3.Юнхо Ким (Оңтүстік Корея)
-90 кг
1.Юрий Божа (Ресей)
2.Роман Донцов (Ресей)
3.Достон Мейлиев (Узбекистан)
3.Сұңғат Закарияев (Қазақстан)
-100 кг
1.Виктор Демьяненко (Қазақстан)
2.Сайджалол Саидов (Тәжікстан)
3.Ибрагим Маргиев (Ресей)
3.Нұрлыхан Шархан (Қазақстан)
+100 кг
1.Канг Жису (Оңтүстік Корея)
2.Шахин Гахрамаанов (Тәжікстан)
3.Нұрдаулет Жарылғапов (Қазақстан)
3.Александр Шалимов (Ресей)

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН