Түпқараған ауданының спортшылары жақын күндерде Алматы облысына қарасты Талғар қаласында каратэ-кекушинкайдан Қазақстан Республикасы чемпионатына, Текелі қаласындағы комбат джиу-джитсудан республикалық турнирге, күрестен Орынборға барып бақ сынап қайтты.

14-15 маусым күндері Алматы облысы, Текелі қаласында өткізіліп жатырған жасөспірімдер және балалар арасында комбат джиу-джитсудан республикалық турнирінде 10 облыс, 400 спортшының арасынан ауданымыздың Азамат Абаев бапкерлігімен

Таушық ауылы спортшылары жеңіске жетіп, екі алтынға ие болды. 57 келі салмақта Гүлшат Жұмалбек І орын, 30 келі салмақта Біржан Қабиболла І орын иеленіп, 19-23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін халықаралық жарысқа жолдама алды.

15-16 маусым күндері Алматы облысы, Талғар қаласында Жастар жылына арналған каратэ-кекушинкай бойынша жастар, ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтіп, 7 облыс, 200 астам спортшылар қатысқан спорт додасына да аудан спортшылары жеңіспен оралды. Аталмыш жарыста 65 келі салмақта Даурен Санақов — ІІІ орын, 70 келі салмақта Асхат Ергенұлы — ІІ орын, 80 келі салмақта Бекжан Сайлау — ІІІ орын иеленді.

Өз тілшімізден