Түркістан облысында 17-18 мамыр аралығында самбо күресінен спорт шеберлері арасында ҚР Чемпионаты өтті. Балуандар 7 жас тобы (35-39, 40-44, 45-49, 51-54, 55-59, 60-54, 65 және одан жоғары) бойынша күресті.

Спорттық іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 49 балуан қатысты. Боз кілемде белдескен балуандар бәйгесінде маңғыстаулық спортшылар оза шапты. Жастайынан спортты жанына серік еткен балуандар бетпе-бет келген қарсыластары жер жастандырып, жүзден жүйрік атанды. Күш-қайраты зор, амал-айласы айрықша, ширақ әрі епті жастар жеңіс тұғырынан көріне білді.

Атап айтсақ, 35-39 жас аралығындағы спортшылар арасында Бауыржан Есболаев күміс, Нұрбол Халиманов қола жүлдені өз қанжығасына салды. Сәндібек Дүйсенбеков 40-45 жас аралығындағы спортшылар ішінде қолаға қол жеткізді.

Қызметпен спортты қатар алып жүрген жастардың алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

Маңғыстаулық самбошылар ел чемпионатынан жүлделі оралды