сенбілік

Өткен сәрсенбіде облыс әкімдігінің мәжіліс залында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы болды. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваның төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшылары мен ескерткіштерді қорғауға бекітілген мекемелердің өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаевтың «2015-2016 жылдары облыс көлеміндегі тарих және мәденит ескерткіштеріне жүргізілген қорғау-сақтау шаралары туралы» баяндамасы тыңдалды.

2– Өткен жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 18 тарихи-мәдени мұра нысаны анықталып, есепке алынды. Сондай-ақ Тобықтыдағы «Бекет атаә жерасты мешіті, «Ешкіқырған», «Үшшоңқал», «Қостам», «Қостам-1», «Қосбайыр» қорымдарына ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. «Маңғыстау мен Үстірттің ескерткіштері», «Сисем ата қорымының араб жазуындағы эпиграфикасы», М.Тұрсынованың «19 ғасырдың 2-жартысындағы Маңғышлақ қазақтары» кітабы мемлекеттік және орыс тілінде жарық көрді. Маңғыстау ауданындағы «Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы», «Алтын қазған діни-қабірлеу кешені», Түпқараған ауданындағы «Кетік қалашығы» және «Түпқараған ғибадатханалары» ескерткіштерінде археологиялық зерттеу жұмыстары жасалды, –деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Таңатарұлы.
Қамқоршы мекемелердің жұмысына тоқталған басқарма басшысы «Теңге» біріккен кәсіпорнының» «Есалы» қорымына орнатқан қорғау тақтасы мен жол сілтегіші талапқа сай еместігін айтып өтті. «Ақтау электр желілері бөлімі» МКК қорғау тақтасы мен жол сілтегішті 1 айдың ішінде орнататынын, «Каспий Меруерт Оперейтинг Компани Б.В» «Ишан- қожа» қорымы мен жерасты мешітіне қоршауды, қорау тақтасын, жол сілтешігін салуға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді. «Бейнеу астық терминалы», «АЛЗ», «Каспий-Ак» ЖШС, «Дельта банк», «Қазкоммецбанк», «Сбербанк России» АҚ өздеріне жүктелген жауапкершіліктен жалтарып отырғанын қаперге салды.

1

Оның айтуынша, «Арман» бірлескен кәсіпорны», «Тасболат ойл корпорэйшн», «ТұлпарМұнайСервис» «Теңге» біріккен кәсіпорны», «Теңіз сервис»,«Ойл Сервис Компани»ЖШС, «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ, «Каскор- Машзавод» АҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ, «Каспий жылу, су арнасы» МКК және тағы да басқа компаниялар тарих және мәденит ескерткіштерінің аумақтарында сенбілік жүргізіп, қоршаулары мен жол сілтегіштерін жөндеу, сырлау жұмыстарын жасаған.

Жиында аудан әкімінің орынбасарлары, мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшылары тарих ж4әне мәдениет ескерткіштерін қорғау бағытында жасалған жұмыстардан хабардар етті. Мәдени мұраларды қорғауға бекітілген мекемелердің өкілдері ұсыныс-пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев аудан әкімдіктеріне өз аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне қамқоршылық жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыруды тапсырып, «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» қаулыға өзгеріс енгізілетінін хабарлады. Сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен мекеме атаулары өзгергендіктен кезекте тұрған тарихи-мәдени мұраларымызды қорғау-сақтау мақсатында оларды қамқоршылыққа бекіту міндеті тұрғанын жеткізді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ