Жуырда Жаңаөзен қаласында қол күрес бойынша ерлер, әйелдер арасында облыс чемпионаты өтті.

Оған облысымыздың қала, аудандарынан 120 спортшы қатысты. Басқұдық ауылынан 17 спортшы бақ сынады. Олардың барлығы бапкер-жаттықтырушы Матенов Ісембайдың шәкірттері. Жарыстың нәтижесі бойынша ерлерден Талғат Бападжанов (55 келі) 1 орын, Нұрзат Амангелді (60 келі) 2 орын, Саламат Мұхамедов (60 келі) 3 орын, Ыбырай Шолпанов (65 келі) 1 орын, Саткали Эдилов (65 келі) 2 орын, Мейірман Жақсылық (65 келі) 3 орын, Мейірбек Рахметов (70 келі) 2 орын, Қамбар Дилманов (80 келі) 2 орын иеленді.

Әйелдер арасында Венера Дилманова (50 келі) 1 орын, Назира Табетова (50 келі) 2 орын, Салтанат Жақсылықова (55 келі) 1 орын, Гаухар Тағаниязова (55 келі) 3 орын, Асима Ақшабай (60 келі) 1 орын, Ақмерей Оспанова (65 келі) 1 орын, Сара Сисенбай (80 келі) 1 орын, Асел Жанқұлова (80 келі) 2 орын жүлдегері атанды.

ggg-1 (1)