Маңғыстау облысының инвестициялық және транзиттік әлеуетін дамыту форумында «Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағанов Құрық паром кешенінің инфрақұрылымы туралы баяндама жасады.

Құрық порты құрылысының бірінші кезеңі 2016 жылы 6 желтоқсанда аяқталды. Паром кешені пайдалануға енгізілгеннен бері 510 мың тонна жүк ауыстырып тиеген. Ал 2017 жылы  1 млн. тонна көлемінде жүк ауыстырып тиеу жоспарланған.

«Құрық портының жобалық қуаты тәулігіне 5 паромға дейін өңдеуге, осылайша жылына 6 миллион тонна көлемінде жүк өңдеу мүмкіндік береді», — деді М. Сақтағанов.

Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту аясында қазір порттың екінші кезеңі – автомобиль өткелін салу басталды.