Бұл туралы бүгін 20-шілдеде Ақтауда халықаралық  көліктік-логистикалық форумында айтылды.

Форумның басты мақсаты — теңіз порты жүк айналымын арттыру, Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығын көрсету. Іс-шарада көліктік-логистикалық әлеуетті  арттыру, Каспий транзиттік дәлізіндегі бірыңғай тариф және өзара тиімді ынтымақтастық жайы сөз болды. Мәселені талқылауға халықаралық теңіз жобаларының ірі инвесторлары — теңіз логистикасы белсенді дамыған  елдер: Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Қытай, Грузия, Америка, Ұлыбритания, Италия порттарының өкілдері, сондай-ақ,  мемлекеттік органдардың, жергілікті ірі  мұнай компаниясының жетекшілері  қатысты.