Бұл туралы Маңғыстау облысының инвестициялық және транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі форумда аймақ басшысы  Ералы Тоғжанов айтты.

Маңғыстау облысы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасында маңызға ие

Маңғыстау облысының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға арналған халықаралық форумға қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, біздің облысымыз Каспий жағалауындағы бірден бір аймақ ретінде Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасында шешуші маңызға ие. Мұның дәлелін өздеріңіз Қазақстанның теңіз қақпасы-Ақтау, Құрық порттарында болғанда көрдіңіздер, — деді Ералы Лұқпанұлы.

Сонымен қатар аймақ басшысы Маңғыстауда Каспий жағалауы елдерімен одан әрі белсенді ынтымақтасу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Е.Тоғжанов өз сөзінде еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту үшін биыл Құрық порты құрылысының екінші кезеңі — автомобиль өткелін салу басталғанын мәлімдеді. Бұл үшін 60 млрд теңге бөлінген.