Жиында Солтүстік Ауыртас кенорнындағы бейорганикалық химиялық элементтердің (барий, стронций, бұрғылау ерітінділерінің салмақ бергіш концентранты) өнімін өңдеу жобасы қатысушылар назарына ұсынылды.

– Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылынан оңтүстік- батысынан 27 шақырымда орналасқан Ауыртас кенорнын барлау жұмыстары 1996 – 2008 жылдары жүргізілді. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өткен жылы бұл кен орнында барий мен целестиннің және басқа да кендердің қоры бар екенін растады. Солтүстік Ауыртастан 5-30 мың тонна барий, 5-25 мың тонна стронций және 4 мыңнан астам өзге де химиялық элементтер өндіру жоспарланып отыр. Жару- қопару, бұрғылау, өндіру, кендерді тасу және өңдеу жұмыстары жасалады. Жоба жүзеге асқанда 100- ге жуық адамды жұмыспен қамтимыз. Канадалық компания бұл жобаға инвестиция салуға дайын, – деді «Кемикалз трейдинг» ЖШС өкілі Руслан Құтжанов.