Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырыстарында дыбыс-бейнежазу жүйесін қолдану» атты тақырыпта семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Р.Бимагамбетов және сот қызметкерлері қатысты.

Аталған семинарды кеңсе меңгерушісі ашып, сот отырыстарын дыбыс-бейнежазу арқылы жүргізу Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында алға қойылған негізгі міндет екендігін айтты. Бүгінде оны жүзеге асыру тәжiрибесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тұрақты бақылауында тұр. Бұл жүйенің енгізілуі сот төрелігін жүзеге асыруды біраз жеңілдетіп, іс-жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік туғызатындығын атап өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі қатысушыларға «Сот отырыстарын дыбыс-бейнежазба жүйесі арқылы жүргізу» ережесі туралы түсіндіріп, сот отырыстарының уақытында басталуы және барлық сот отырыстарына дыбыс-бейнежазу жүйесін міндетті түрде қолдану керектігіне тоқталды.

Семинардың соңында мамандармен дыбыс-бейнежазба жүйесін қолдану бойынша сұрақтар талқыланды.