Жуырда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Сахипов пен Баянды ауылының әкімі Р. Таймұратовпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Абдулла Утаевтың үйіне барып, тұрмыстық жағдайымен танысты.

Ардагер  қазіргі уақытта денсаулығының нашарлағаны байланысты далаға шығып, таза ауамен тыныстап жұру үшін жүрмелі арбаға деген мұқтаждығын жеткізді. Сонымен қатар, дәрігерлер уақытылы келіп қарап, тегін дәрі-дәрмек беріп отырғанын айтып, келген қонақтарға ақ батасын берді.

Ардагердің ұсынысын орындау мақсатында, аудандық аурухана директорына мен  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына  ардагер А. Утаевты жүрмелі арбамен қамтамасыз етуге ұсыныс хат жолдады.