6 оқушы иіс судан уланған

Гүлімай Дүйсен есімді қыз сабаққа иіс су алып келген.   Соның салдарынан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында оқыс жағдай орын алды.  17 қазан күні  6 бірдей оқушы  косметикалық бұйымнан уланады. Бұл туралы  бірер сағат ішінде «Ватсап» желісі арқылы  ақпарат тарап үлгерген.

«Барлық мектеп директорларына! Өте шұғыл» деп басталған хатта оқиға қысқаша баяндалады.  Хаттың  жазбаша нұсқасы төмендегідей:

[quote font=»tahoma» font_style=»italic» arrow=»yes»]

Сізге 17.10.2016 жылы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары дүкеннен косметикалық бұйымдар (мұсылмандық) сатып алып,  мектепке әкеліп пайдаланып, оқушылардың денсаулығына әсер етіп, 6 оқушының бас айналу, аяқ-қолдары құрысып жансызданып т.б. салдапынан орталық аурухан
аға түскендігін ескертеді. Осындай жағдайдың қайталанбауы үшін әр мектепте түсінік жұмыстарын (тәлім сағаты, ата-анамен жиналыс, дәрігерлермен кездесу) шұғыл жүргізуді және мектепке косметикалық бұйымдарды әкелуді тоқтатуды қатаң тапсырады.

                                                               Білім бөлімі басшысының орынбасары          Е.Мажитов

Сынып жетекшілер!
Сыныптарыңызға шұғыл түсінік  жұмыстарын жүргізіп, хабардар етіңіз. Ата-аналармен де байланыс жасауға.

[/quote]

%d0%b6%d1%8d%d1%8d%d0%b6%d0%b7%d0%b4%d1%8dСабақ кезінде Гүлімай Дүйсеннің иіс суын қолданған оқушы қыздардың жағдайы нашарлайды.  2 оқушы  жағымсыз иістен басы айналып, мектеп медбикесіне барады.  Кейін басы айналған оқушылардың саны 6-ға жеткен.  Барлығы да қыздар. Мектеп медбикесіне келген кезде, балалардың аяқтары тартылып, бастары айналып, ауруы одан әрі күшейген.  Сол себепті, дереу жедел-жәрдем шақыртылады.

 — Жедел-жәрдем келгенше, екі оқушының жағдайы нашарлаған. Бірақ көп ұзамай балаларға тиісті алғашқы көмек жасалды. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты,  — дейді мектеп директоры Қалжан Еңсегенова.

 Балалардың жағдайы күрт нашарлағанын естіген әкімшілік бірден оқиға орнына жетеді. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Махмұтов Ерболат Хабиболлаұлы былай дейді:

Жағдайды естіген соң, мен де ауруханаға жеттім. Балалардың көздері ашыған, жүрегі айнып, аяқтары құрысып қалған.  Мен келгенде бір бала төсекте жатыр екен, ал қалғандарының өздігінен жүріп, тұра алады. 17 қазан күні  түске жақын балалар ауруханаға жеткізіледі. Кешкі сағат 4-5 шамасында  денсаулықтары қалпына келіп, бәрі үйге қайтарылды. Ата-аналарына хабарласып, болған жайтты айттық.

 Оқиғаны дүрліктірудің қажеті жоқ

 Ерболат Хабиболлаұлының ойынша, бұл жағдайға аса дүрлігудің қажеті жоқ.

 — «Бас жарылса, бөрік ішінде» дейді.  Тек ендігіде сақ болуымыз керек. Қазір облыстағы барлық мектептерге  косметикалық бұйымдарды пайдалануға болмайтынын ескертіп жатырмыз. Дегенмен, бала айтқанды тыңдай ма? Қазіргі заманды балалардың сөмкесін, қалтасын қарап, мектепке кіргізе алмайсың. Ондай заң жоқ. Әйтсе де, мектеп жасындағы балаларға қойылатын талапты күшейту керек, — дейді ол.

 Кейін анықталғандай, балаларды улаған «Dalal» иіс суы болып шықты.  Шетпеде тұратын қарапайым жұмысшы, шағын кәсіпкер Көшбаев Ермұраттың 6-сыныпта оқитын қызы сол күні  «Dalal» мұсылмандық иіс суын сеуіп шығады.

%d0%b3%d2%af%d0%bb%d1%96%d0%bc%d0%b0%d0%b9-%d0%b4%d2%af%d0%b9%d1%81%d0%b5%d0%bd
mangystautv.kz сайтынан алынды

 — Мен  сабаққа иіс су сеуіп келдім. Зиянын білгем жоқ. Өзіме ештеңе болған жоқ.  Сыныптастырымның мұндай жағдайға тап болатынын ойламаппын, — дейді Гүлімай Дүйсен.

 Ерболат Хабиболлаұлының айтуынша, оқушы мұны әдейі істемеген.

 — Естігеніміз бойынша, шарик түріндегі иіс су екен. Сабаққа иіс суды үйінен жасырып алып келген. Мұны балалықпен істеп отыр, еш жаман ойы болмаған» , — дейді ол.

 Сонымен, мұсылман иіс суы қауіпті ме? 6 бірдей оқушы уланып жатса, дер кезінде алдын алу шараларын қарастырған абзал. Әзірге, иіс судың құрамын СЭС мамандары тексеріп жатыр. Мектептерде «Нұр отан» партиясы өкілдері, Прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ имамдардың қатысуымен осы жағдайға қатысты кездесу өткізілуде. Бұдан былай балаларға мектепке косметикалық бұйымдарды алып кіруге қатаң тыйым салынады.

Айгүл ДӘДЕН