«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС, 220 гектар және 1000-нан жоғары жағалау аймағы бар, теңіз және құрлықтағы жұмыстарға қызмет көрсететін логистикалық базасы мен құрылыстық алаңын басқарып отыр. Ерсай верфі Қарақия аймағының, Құрық ауылы аумағында, Ақтау қаласынан 70 км оңтүстікте орналасқан. Мекеменің ең басты мақсаты жағалау (оффшорлық-теңіз) өнеркәсібін және Қазақстан Республикасының Каспий аймағының ұлттық экономикасының мұнай саласына арналған әлеуметтік – экономикалық дамуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Өткен жұмада Құрық елді мекенінде орналасқан «Ерсай каспиан контрактор» ЖШС Каспий верфіндегі қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттарды көшіру, кеңейтілім ( қайта жөндеу) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоғамдық тыңдалымға Құрық ауылы әкімдігінің бас маманы, «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу», « Ішкі саясат және тілдерді дамыту» сондай-ақ, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық жастар орталығының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Қарақия аудандық филиалының басшылары, экология бойынша облыстық департаменттің өкілі, ПСК «САН-А» директоры, «Ерсай каспиан контрактор»ЖШС мамандары мен аудан газетінің редакторы қатысты. Жергілікті өкілдерді «Ерсай каспиан контрактор» ЖШС –нің өкілі Ким Вадим қарсы алып, төралқа мүшелерін таныстырып, қоғамдық тыңдауды жүргізді. Күн тәртібінде, «Ерсай каспиан контрактор»ЖШС Каспий верфіндегі қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттарды көшіру, кеңейтілім ( қайта жөндеу) жобасы бойынша, таныстыру жұмыстары мен қысқаша көрсетілім болғаннан кейін осы тақырыпта баяндама жасалды.

Бұдан соң, «Ерсай каспиан контрактор»ЖШС Каспий верфіндегі қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан ғимараттарды көшіру, кеңейтілім ( қайта жөндеу) жобасының «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімінің баяндамасы тыңдалды.Қоғамдық тыңдаудың төрағасы ретінде Құрық ауылы әкімінің өкіліне , төралқа мүшелеріне сөз кезегі беріліп, сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, жауаптар берілді.Аудандық жастар орталығының басшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы және басқадай өкілдер:

Бұл жобаның жүзеге асуында жергілікті жердің әлеуметі мен әлеуетіне тигізетін пайдасы бар ма?, жұмыссыздықты жоюға қандай көмегі бар? Және қоршаған ортаның экологиялық мәселелері қаншалықты қарастырылып жатыр?- деген сауалдар қойды.
Бұл сұрақтар бойынша Ким Вадим:

Біз өндірістік қалдықтарды сұрыптап, қағаздарды Ақтаудағы қағаз өндірісіне, металлопластика қалдықтарын Жаңаөзендегі өндіріске қайта өндіруге өз көлігімізбен жеткізіп, басқа қалдық қоқыстарды осы жерде өртейміз- деді. Жалпы экологияны қорғау бойынша осында бір бөлім жұмыс жасап, әр маусым сайын облыстық басқармаға есеп беріп отыр.
Бұдан соң, жергілікті өкілдер тарапынан, ауыл ақсақалы сөз кезегін алып, Ерсай мен Құрық ауылы арасындағы жолмен осы мекеменің ауыр жүк көліктері жүретіндіктен ауыл аумағы шаңға басылып жататындықтан, осы екі аралық жолды асфальттауға ұсыныс айтты. Бұл ұсыныс бойынша, компания өкілі:

«Ерсай каспиан контрактор» ЖШС өзінің жұмыс атқаратын аумағына және Құрыққа баратын жолдың жартысына дейінгі бөлігіне тұрақты су сеуіп, шаң болдырмау жұмыстарын жасап отырмыз.Асфальт төсеу мәселесін ары қарай жеткіземіз,қаралатын болады, жалпы, жолға себілетін су да таза, осындай сумен өндіріс аумағын көгалдандырып отырмыз, экологияляқ мәселелер бізде заңды жүзеге асып отыр,-деді.
Жиынды қорытындылай келе,өндіріс орны кеңейіп жатса, ашылған жұмыс орындарға ең бірінші кезекте жергілікті тұрғындар қамтылса,-деген ұсыныстарды назар төрінде ұстайтындарын айтты, компания өкілдері.