«Жол картасы» жобасы аясында сегіз айды қорытындылаған Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев жыл басынан бері 2382 науқасқа қызмет көрсетілгенін жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 2130 болатын. Оның ішінде жол көлік апатынан зардап шеккендердің саны-241, кәмелетке толмағандары-47. Жол апатынан бақилық болғандар-48, оның 10-ын жасөспірімдер құрап отыр.


04

-Жол көлік апатынан жарақаттанып қайтыс болғандар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға төмендегені байқалады. Мұндай көрсеткіш дер кезінде көрсетілген көмектің нәтижиесі деп білемін. Жарақат алған кезде көрсетілетін көмектің сапасын жақсарту бағытында жыл басынан бері 16 дәрігеріміз, 114 медбикеміз, 45 фельдшеріміз және 48 көлік жүргізушісі арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтті,-дейді Маңғыстау облысының бас травматологы Жансерік Шаухымбердиев.

Өңір бойынша сегіз айда 183 адам бақытсыз жағдайдан, улану және әр түрлі дене жарақатынан бақилық болған. Тарқатып айтар болсақ, Ақтау қаласында-84, Жаңаөзенде-32, Бейнеуде-14, Мұнайлыда-27, Маңғыстау мен Түпқараған аудандарында-9 және Қарақияда-8 жағдай орын алған. Сондықтан да жол көлік апатынан орын алатын өлімді азайту мақсатында ағымдағы жылдың 13-19 маусым аралығында облыстық аурухананың базасында білікті мамандардың қатысуымен семинарлар өткізілген. Сондай-ақ мамыр айының 24-26 аралығында облыс орталығында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және халықаралық Қызыл крест комитетінің атсалысуымен аймақтағы дәрігерлерге арнап «Жарақат кезінде көрсетілетін жедел дәрігерлік көмек» тақырыбында семинар ұйымдастырылған. Семинарға облыстың жедел жәрдем станцияларында жұмыс жасайтын дәрігерлер мен ауруханадағы хирург, травматолог-дәрігерлер қатысып, жедел көмектің сапасын жақсарту бағытында жан-жақты мағұлмат алып, білімдерін толықтырған. Семинарда италияндық хирург-дәрігер Сандро Континии мен қырғызстандық дәрігер Гулина Омукеева дәріс оқып, мол тәжірибелерімен бөліскен. Осылайша, облыстық аурухананың 20 дәрігері халықаралық Қызыл крест комитетінің арнайы сертификатына ие болған.

02

-Бүгінгі таңда үш күндік оқыту бағдарламасы жасақталып, Ақтау қалалық медициналық жедел жердем жәрдем стансасының 10 көлік жүргізушісі мен санитарлары арнайы оқытылуда. Осындай жұмыстар арқылы жедел жердем жәрдемнің дәрігерлері, облыстағы ауруханалар мен емханлардағы травматолог және хирургтар жедел әрі сапалы көмек көрсетуде білімдерін толықтырып, жұмыстарын жүйеледі. Өйткені, жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Сол себептен зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай оған әр түрлi медициналық көмекті дер кезінде әрі жылдам көрсетсе, оның өмiрiн сақтап қалуға әбден болады. Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлгені де жөн,-дейді Жансерік Шаухымбердиев.

Венера МИРЛАН