Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлігі мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органдары, даралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді. Медицина мекемелері меншік нысанына қарамастан жол-көлік оқиғаларында қаза тапқан немесе жарақаттанған адамдардың есебін жүргізеді. Жол-көлік оқиғаларының мемлекет статистика есептемесіне адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған жол-көлік оқиғалары ғана енгізіледі.Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңына сәйкес жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат етіледі және олар мүдделі заңды тұлғалар мен азаматтарға белгіленген тәртіппен беріледі.

Қазіргі таңда қала жолдарында көліктердің саны күннен күнге артып келеді.

Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады. Және ең қорқыныштысы жол қозғалысы оқиғалары кезінде балалардың қаза болуы. Бұл мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер — балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету.

Е.Жолтаев
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы