Техникалық реттеу және метрология саласында мамандардың (мемлекеттік инспекторлардың) кәсіби деңгейін көтеру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тиімділігін және тексеруді жоспарлау жүйелерін дамыту үшін 2016 жылдың 9, 13, 14 қыркүйегі күні Ақтау қаласында «Техникалық реттеу және метрология саласы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасындағы негізгі жаңалықтар жөнінде тақырыптар қозғалды, атап айтқанда:

  • Бағалы тастар, зергерлік бұйымдар және бағалы тастар мен бағалы металдардан жасалған басқа да бұйымдар саласындағы халықаралық және ұлттық заңнамадағы негізі жаңалықтар;
  • Тауардың шығарылатын жері туралы халықаралық және ұлттық заңнамадағы негізі жаңалықтар;
  • МРК 6200 және МРКП-1
  • Мемлекеттік рәміздерді дайындау, пайдалану және қолдану бойынша бақылау тәртібі;
  • Еуразиялық экономикалық бірлестік. ЕАЭО туралы келісім-шарт. Еуразиялық Экономикалық Одақтағы техникалық реттеу;
  • ҚР Кәсіпкерлік Кодекс және оның техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау саласындағы өзгерістерге әсері;
  • ҚР мемлекеттік метрологиялық бақылаудағы өзгерістер және т.б.

Семинарды Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының кеңесшісі, еңбегі сіңген стандарттаушы және еңбегі сіңген метролог Рысбеков Марат Абдисалиевич, «ҚазСтИн» РМК Маңғыстау филиалының директоры, стандарттау, техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында тәжірибесі мол Гатитуллина Марина Константиновна, «ҰСжСО» АҚ «Аспап палатасы» филиалының геммологы  Мухамедулы Руслан, ҚР ҰКП Сатып алу және жергілікті қамту департаментінің 1 дәрежелі сарапшысы Уразова Эльмира Куанышевна, «ҚазМетрИн» БҚФ  1 дәрежелі сарапшысы Журтабаева Асель Гатиуллаевна.

Семинар жұмысына Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандары қатысты.

Оқыту талқылау, сұрақ-жауап нысанында өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.