Көрнекі сурет сайттың архивінен

Бейнеу ауданы əкімінің орынбасарлары тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бейнеу ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бейнеу ауданы әкімінің өкімімен Теміров Жалғас Сайпадинұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бейнеу ауданы əкімінің орынбасарлары тағайындалды

Жалғас Сайпадинұлы — 1984 жылы 6 сәуiрде Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылында дүниеге келген.

Білімі — жоғары, 2007 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясында «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Тәжен селосы әкімі аппараты» ММ инспектор ретінде бастаған. Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметтің әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарып келеді. 

Мемлекеттік қызметте бас маман, сектор меңгеруші, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың 5 маусымынан бастап «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы қызметін атқарған.

***

Бейнеу ауданы әкімінің өкімімен Манкешова Айнұр Жалғасқызы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бейнеу ауданы əкімінің орынбасарлары тағайындалды

Айнұр Жалғасқызы – 1976 жылы 31 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келген.

Білімі — жоғары, 1998 жыл Ақтау политехникалық институтын «құрылыс — инженері» мамандығы бойынша бітірген.

1998-2006 жж. бірнеше құрылыс компанияларында өндірістік-техникалық бөлімнің құрылыс инженері болып жұмыс жасаған.

2007 жылы «Каскор СМУ» АҚ-да өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары және осы бөлімде басшы.

2010-2012 жж. «Базис-А» корпорациясында бөлім басшысы.

2012 жылы «Еврострой-А» ЖШС-де директор орынбасары лауазымдарын атқарған.

2014 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшы аттестатын қорғап Маңғыстау облысының бірнеше құрылыс жобаларының жоба басшысы және қадағалаушысы болып еңбек еткен. Соның ішінде ірі құрылыс жобалары: Металлургия заводы, «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Дарын» мектебі, «Ана мен бала» орталығы, Жаңаөзен қаласында – 4 балабақша құрылысы мен перениталдық орталығы. ҚР ІІМ-нің аэродромының әскери секторы мен ҚР ҰҚК-нің «Арыстан» әскери базасы.

2017 жылы «Корпорация «MAG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде филиал директорының орынбасары және филиал директоры қызметін атқарған.

2018 жылдың 7 маусымынан бастап «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы қызметін атқарды.

Ақтау қаласының әкімі мен Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс» және «Құрмет грамотасымен» марапатталған.