Идеясы бар
Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Мақсат Сқақов кеше  Ақтауда өз жұмысын бастаған «Caspi Leader Camp» лагерінің ашылу салтанатында осылай деді.
М.СҚАҚОВ: Идеясы бар жастарды кеңесші етіп алуға дайынмын Қазақстанның жас көшбасшылары бас қосқан лагерьдің ашылу салтанаты «Балдәурен» демалыс орынында өтті. Оған Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, «Алматы менеджмент университетінің» ректоры Гүлмира Қорғанбаева, бизнес-тренерлер мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған интеллектуал жастар қатысты.
Лагерьдің ашылу салтанатында жастар өзара пікір алмасып, аймақ басшысының орынбасарына сұрақтар қойды
М.СҚАҚОВ: Идеясы бар жастарды кеңесші етіп алуға дайынмын«Маңғыстауда инновациялық жобаларды дамытқым келеді. Идеясы бар жастарға қандай көмек, қолдау болады?» — деп сауал тастады өлке жастарының бірі.
— «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» демекші, егер жақсы идеялары, инновациялық жобалары бар, оны жүзеге асырудың жолын іздеген жастар болса, өзіме кеңесші етіп те, көмекші қылып та алуға дайынмын. Жүрегіңізде жалын, көзіңізде от болса, энергияларыңыз көп, жобаларыңыз мықты болса,  бірге жұмыс істеуге дайынмын, — деді М.Сқақов.
 М.СҚАҚОВ: Идеясы бар жастарды кеңесші етіп алуға дайынмын18-23 қыркүйек аралығында өтетін «Caspi Leader Camp» аясында «Сәтті жоба критерийі», «Жобаларды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Жобаларды қолдаудың тиімді технологиялары» тақырыбында мастер-кластар өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар «Инновациялар толқыны», «Көшбасшылық толқыны», «Жаңғыру толқыны», «Сандық технологиялар толқыны», «Кәсіпкерлік толқыны, «Бес мемлекет толқыны» деген алты топқа бөлініп, коуч-сессиялар ұйымдастырылады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант Құсайын
Тағы оқыңыздар: Қызылсай ауылының мерейтойы тойланды (ФОТО)