ЖЫЛ САЙЫН МАМЫР АЙЫНЫҢ 12-CІНДЕ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІН АТАП ӨТЕМІЗ. БҰЛ КӘСІБИ МЕРЕКЕ МЕН ҮШІН ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ. ӨЙТКЕНІ БҰЛ МАМАНДЫҒЫМДЫ ӨЗІМНІҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫМЕН ТАҢДАДЫМ.

Мен осы денсаулық сақтау саласында жиырма жыл­дан бері еңбек етіп келемін. 1959 жылдың 18 тамызы күні Оңтүстік Қазақстан облысының, Жетісай ауданының «Ленин» атындағы кеңшарында дүниеге кел­дім. Өзім көп балалы қарапайым отбасынан шықтым. Жеті­сай орта мектебін бітірген соң, 1977 жылы Алматы меду­чилищесіне түстім. 1979 жылы оқуымды бітіріп, Шымкент орталық емханасында тері аурулар емдейтін мейірбике бо­лып жұмысқа тұрдым. «Бас екеу болмай, мал екеу болмас» деп, 1980 жылы өмірлік серігім Е. Бекжановпен тұрмыс құрдым. Көп ұзамай Құрық ауылына қоныс аудардық. Со­дан бері аудандық емханада тері ауруларын емдейтін бөлімде мейірбике болып жұмыс жасап келемін.

Бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған анамын. Қасымдағы жолдасым Есбаймен бақытты ғұмыр кешу­деміз!

 

Райхан АБДУЛЛАҚЫЗЫ,
Орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі