Орталық коммуникация қызметі Маңғыстау облыстық филиалы алаңында өңірлік статистика департаменті басшысының орынбасары Райра Кабдрахманованың  қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. ҚР статистика Комитетінің аймақтық органы ретінде облыстық статистика департаменті құрылымы 16 салалық, 6 қалалық және аудандық статистика Басқармаларынан құралады.

«Маңғыстау облыстық статистика департаментінің негізгі міндеті  мемлекеттік статистика ұстанымдарын сақтай отырып статистикалық қызметті жүзеге асыру  мен қоғамның және мемлекеттің ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Тапсырмаларға сәйкес Департамент жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізу және ресми статистикалық ақпараттарды тарату бойынша қызмет атқарады. Департамен оз қызметін ҚР Үкіметі бекіткен жұмыс Жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты шұғыл жеткізу мақсатында Департаментің шығаратын барлық статистикалық жарияланымдары, сондай-ақ жиынттық және салалық баспасөз баяндары жаңалықтар рубрикасы күн сайын жаңартылып отырылатын Интернет-ресурсында орналасады. Өңірлік департаменттің ғаламтордағы ресми парақшасы бұл орайда үлкен рөл атқарады», — дейді Р.Кабдрахманова.

008

Ағымдағы жылдың 9 айындағы жоспар бойынша 493 статистикалық жұмыс орындалып, 234 статистикалық бюллетеньдер, 19 статистикалық жинақтар мен 235 шұғыл ақпарат шығарылған.  Департамент  қызметіндегі өзгерістер және жаңалықтар  турасында газеттерде 10 материал жарияланды. Осы кезең аралығында  департаментке 75  заңды және 50-ге жуық  жеке тұлғалардан 322 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштерге тұщымды  жауап беріліп, мемлекеттік органдар үшін 197 статистикалық материалдар дайындалды.

«Статистика қызметі саласындағы жаңалықтар, өзгерістер мен толықтырулар жалғасып келеді. 2007 жылы статистикалық бақылауларды жүргізу процестерін жетілдіру бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде Департаментте есептерді «бір терезе» ұстанымы бойынша қабылдауға көшу іске асырылды. 2012 жылы статистика Департаментіне сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, ұлттық сәйкестікті бекіту органдарының сертификаты берілді. 2013 жылдан бастап респонденттерге кеңседен шықпай-ақ есеп тапсыруға мүмкіндік беретін «е-Статистика» біріктірілген жүйесіне», яғни on-line-тәртібіне ауыстырылды. 2016 жылы Департаментте СМЖ-не ИСО стандарттар талабына сәйкес шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Жұмыс сапасын жақсарту және респонденттерге көмек көрсету үшін статистикалық нысандарды толтыру және есепті он-лайн тәртібімен тапсыру туралы түсінік беретін 72 семинар-нұсқама өткізіліп, «Ашық есік» күні өткізілді. Статистикалық ақпараттардың шынайлығын қамтамасыз ету мақсатында салалық басқармалардың мамандары мекенжайларға 540 хат жіберілді»,-дейді департамент басшысының орынбасары.

Голрох Жеменей
Суреттерді түсірген Серік Майемеров

05535

05528