Берекелі Бейнеудің белсенді жастарының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен 14-16 қазан аралығында оқушылар мен жасөспірімдер және жастар мен ересектер арасында облыстық греплинг жарысы болып өтті.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 4-6 қараша аралығында Семей қаласында өтетін греплингтен өтетін Қазақстан кубогіне іріктеу үшін ұйымдастырылды. Бұл шараға облысымыздың аудан қалаларынан бөлек Жылыой ауданы Құлсары қаласының және ауданымыздағы село, селолық округтердің командалары қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломмен ақшалай сыйлықтармен және бірінші орын жеңімпаздары Семей қаласына жолдама берілді. 284 қатысушы 169 кездесу — төрешілер шешімімен, 83 кездесу — ауырту əдісімен аяқталды. Жарыстың жеңімпаздарын құттықтааймыз. Облысымыздың абыройын асқақтата беріңіздер.

                         Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы

img_4381

img_4388

img_4402

img_4409

img_4541

img_4660