egov

Халыққа қызмет көрсету орталығында дәрігерлерге арнайы семинар ұйымдастырылды. Ақ желекті абзал жандардың қызметін оңтайландыруда электронды үкімет маңызы талқыланып, әр адамның денсаулығына байланысты онлайн анықтамаларды беру қызметі жан-жақты түсіндірілді.

Наркологиялық немесе психоневрологиялық, тұрғылықты мекен-жай бойынша анықтамаларды электрондық нұсқада беру мүмкіндіктері де кеңінен насихатталды. Дәрігерлер электронды үкіметтің мобильді қосымшасын пайдалану, сондай-ақ telegrambot арқылы кез келген сауалға нақты жауап алудыда тез үйреніп, алдағы уақытта көрген-білгенін іс жүзінде пайдалануға уәде берді. Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері тарапынан мұндай оқыту семинарлары жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады.

Голрох Жеменей