Kurish Күріш Тасболатов
Сурет sal-seri.kz сайтынан

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер, дүлдүл өнерпаз, дәстүрлі әннің тарихында қайталанбас тұлға Күріш Тасболатов дүниеден озды.

Күріш Құбашұлы 1941 жылы Маңғыстау ауданы Таушық ауылында туған.

Ол 1960 жылы Ақтөбенің сауда техникумын, 1968 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары сауда мектебін және 1974 жылы Алматы қаласындағы халық шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірген.

Күріш Тасболатов өнермен мектепте оқып жүрген кезінен айналысып, облыстық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпазы (1957, 1967) атанды.

1985 жылы әншілер телебайқауының лауреаты атанды.

Маңғыстаудың «Адайдың жеті қайқысы» әндерін нақышына келтіре орындап, ел арасында насихаттады.