2016 жылдың шілде айының 29 жұлдызы күні Маңғыстау облысы прокуратурасының ғимаратында (Ақтау қаласы 15 шағын ауданы) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің басшысы С.С.Еримбетовтің жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылу Маңғыстау облысы прокуратурасының ғимаратында 22.07.2016 жылға дейін жүргізіледі, анықтама телефоны 605197.