Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов бүгін Түпқараған ауданында жұмыс сапарында болып, тұрғындарды қабылдады. Форт-Шевченко қаласындағы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында өткен сайлаушыларды қабылдауында депутат Тарас Киікбайұлы аудан тұрғындарының тұрғын үй, тұрақты жұмыс және Жаңа Кетік шағын ауданындағы 4 квартал 7 көше тұрғындарының газ мәселесін жөніндегі шағымдары мен сауалдарын тыңдап, шешу жолдарын талқылады.

Сайлаушылар тарапынан бірінші болып жеке қабылдауға қатысқан Жаңа Кетік шағын ауданының 4 квартал 7 көше тұрғындары 5 жылға жуық уақыт жылусыз отырғандықтарын, газ мәселесінің шешімі табылмай келе жатырғандықтарын алға тартып, мәселе көтерді. Бұл мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімі тарапынан жауап ретінде жобалық сметалық құжаттары жасалып, ұсынылғандығы айтылды. Сол жоба өтіп келген жағдайда ғана сессия арқылы қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес белгілі уақыт ішінде тендер ұйымдастырылып, мәселе шешілуге жұмыстанатындықтарын айтқан аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы бұл мәселені жіті бақылайтынын жеткізсе, халық қалаулысы облыс әкіміне қаражат мәселесінің шешілуіне жұмыстанатынын айтты.

Қабылдау барысында негізгі сауалдар жұмыссыздық, қысқарту мәселелері болды. Бұл бағытта депутат пен аудан әкімдігі бұл мәселені жергілікті коммуналдық шаруашылыққа ғана жұмысқа орналастырып, көметесуге болатындықтарын, алайда жұмыс сұраушылар жалақысы жақсы мұнай компанияларына орналасуды мақсат ететіндіктері кедергі тудырып отырғандығын сөз етті. Жалақысы аз болғанына қарамастан, осы мүмкіндікті де жібермей, отбасын асырауға ынталану қажеттіктері жөнінде мысал келтіріп, кеңес те берді.

Милана Елеусінова

Мәжіліс депутаты Форт-Шевченко тұрғындарын қабылдады

Мәжіліс депутаты Форт-Шевченко тұрғындарын қабылдады