латын

Қазақстан халқы ассамблеясы «Достық Үйі» ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында, «Латын әліпбиіне көшу» мәселесін талқылауға арналған кең көлемде дөңгелек үстел өтті.

Латын қарпіне көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында өткен дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесі, Жастар ұйымы, Ардагерлер кеңесі, Қазақ тілі қоғамы, Аналар кеңесі, Аудан соғысының ардагерлері, Қоғамдық келісім кеңесі, Маңғыстау облысының «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі, Ғылыми сараптамалық топ, Этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын Қазақстан Халқы Ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина ашып, жүргізіп отырды. Гүлжан Мақсұтқызы кіріспе сөзінде алқалы жиынға қатысушыларды рет-ретімен таныстырып болған соң, іс-шараның мән-мазмұнына, мақсат-міндеттеріне қысқаша тоқталды. Әсіресе, латын алфавитіне көшудің жай-жапсарын, оның қажеттілігін екі тілде баяндады.

Қазақ тілі қоғамының төрағасы Бектұр Төлеуғалиев, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг универсиьтеті «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы Гүлзира Қуатова қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу перспективалары, латын әліпбиіне көшудің тарихи-рухани қажеттілігі, латын әліпбиіне көшудің түркі елдеріндегі тәжірибесі, латын әліпбиіне көшудің проблемалары тақырыбында баяндама жасады.

Тағы оқыңыздар: Елбасы Геннадий Головкинге жеделхат жолдады

Дөңгелек үстел барысында, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігініңтөрағасы Айрапет Алексанович Курдоглян, «Достлуг» әзірбайжанэтномәдени бірлестігінің төрағасы Шамсадин Аллахвердиоглы Гусейнов, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің өкілі Валерий Яковлевич Цой, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Галина Борисовна Иванова латын әліпбиіне көшу, алдымен жастарға қажет екендігін түсіндірді.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Жас қанат» жастары белсене қатысып, Е.Величко, Т.Цой, А. Арысланбаев, Ш.Азан т.б. өз ойларын білдірді. Соның ішінде Мұнайлы ауданы, №10 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Айбек Арысланбаев өзінің латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын, Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ тіл білімі институтының ұсынған 32 әріптегі латын әліпбиі нұсқасы осы күнге дейін талқыға түскен нұсқалардың ішіндегі ең оңдысы екенін айтты.

Үміт ЖӘЛЕКЕ