Ало-о-о
Гена, родной, дорогой. Қалайсың? Бауырым, құттықтаймын сені. Кеше бой біте салысымен хабарласқам, телефоның өшіп тұр екен. Содан сразу Арекеңе ызбандадым ғой, мен. Біздің спортмин ше. Ана Илья чемпион болғандағыдай бірден трубканы апарып бере қойсын деп ем ғо. Сөйтсем ол бармаған екен. Уахахаха. Е, бұл олимпиада ойындары емес екен ғой. Ол Олимпиада ойындарына ғана барады екен ғой. Қайдан білейін, қайдан білейін. 
Гена кеше сені Алла қолдады. Айтпақшы, Алла демекші, сен мұсылман дінін қашан қабылдайсың? Айдаладағы Мұхамед Али де, Майк Тайсон да қабылдады ғой. Оған қарағанда қазақтардың ортасында өстің ғой. Қазірше қоя тұрайын дейсің бе? Родной, родной, қойсаң қоя тұр. Өйткені өзіміз де бірнеше мәсхабқа бөлініп, бір шешімге алмай жатырмыз. Дорогой, сен Қазақстанға келме. Келсең, қазаққа ортақ тұлға болмай қаласың. Осында бір браттар бар. Чемпион біткенді бауырына басып алады да, шығармай қояды. Сосын солардың ғана мақтанышы болып қаласың. Өйтсең, басқа жанкүйерлерің қатты өкпелеп қалады. Білем дейсің бе? Иә, иә, иә, сол ғой. Уахахахаха. Әрине, әрине. Сенде ақша көп қой.
Гена!
Кеше сендер тең түскенде елдер ешкім жеңбеді деп қояды. Қалай ешкім жеңбеді?. Қалай ешкім жеңбейді? Бой болғасын біреу жеңеді ғой. Кеше Олимп жеңді ғой. Уахахахаха. Біреулер сен жеңеді деп, енді біреулер қарсыласың жеңеді деп ақшаны сале-е-е-п-сал-е-е-п тастаған ғой. Бір жынды 20 миллион салыпты. Прикин, Гена. Айтшы, дурак қой, иә. Уахахаха. Мен салған жоқпын. Салсам, саған емес, салған ақшама жанкүйер болып кетем ғой.
Гена, родной, дорогой, давай брат, уақытыңды алмайын. Қазақстанға келсең хабарлас. А? Қай қалада тұрасың дейсің бе? Өзің айтшы, саған қай қалада тұрғаным удовно? Мен сол қалада тұра салам ғой. Хочеш Караганда? Тұрамын мен сен үшін.
Давай, давай, родной, доргой.
Сен биыл отыз бестесің ғой. мен саған осы жеңісіңе Айфон-35 сыйлаймын. шыққан жоқ қой дейсің бе? Қорықпа брат, сен үшін шығартам. Имениненной бьолады. Шымкенттен бәрі шығады дейсің бе? Уахахахаха, брат, шығады, шығады. Шығарамыз.

Бейбіт САРЫБАЙ, журналист
Фейсбук парақшасынан алынды