Бүгін Мұнайлы ауданының орталығы Маңғыстау ауылының 50 жылдық мерейтойы кең көлемді атап өтілуде.

Салтанатты басқосуға облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева да қатысып, ата-анасыз қалған балаларға пәтер кілттерін табыстады. Сондай-ақ бірқатар азаматтар аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтың, облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваның және ауданның белді кісілерінің қолынан аудан, облыс әкімдерінің алғыс хаттары  мен мерейтойға арналған 50 жылдық төсбелгісімен мараптталды.

«Ырысы тасыған ауылым» атты  ауылға еңбегі сіңген азаматттар мен ауылдың кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді. Кітап авторы Балсұлу Қондыбай.

Мерейтойлық шараның басы ауылдың қалыптасуы туралы деректерді фотосуреттерде бейнелеген көрмені тамашалаудан басталса, жалғасы кешкісін орталықта өтетін концертке ұласады.

Шахида ЖҰМАН

img_5206

img_5151

img_5069

img_5156

img_5127

img_5163