17 қараша күні – халықаралық студенттер күні. Осы мереке аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің жадыраған жастары!» атты мерекелік кеш өтті.

«Хан Шахар» салтанат сарайында өткен студенттер мейрамына Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дің білім алушылары және оқытушылар қауымы қатысты.

Студенттер мерекесінде университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры  Маргарита Имандосова мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов құттықтау сөз сөйлеп, болашақ мамандарды университеттің атына кір келтірмейтін, үлгілі де білімді студенті, елдің шынайы патриоты әрі лайықты азаматы болуға шақырды.

— Студенттер күнін қасиетті мереке – ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырып, алғаш рет салтанат сарайында ұйымдастырдық. Бұрын мейрам университеттің қабырғасында өткізілетін. Біздің студенттер облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп, үздіктер қатарына ілінген. Республика көлемінде университеттің мәртебесін асқақтатуда. Олардың әрбір жетістігі туралы университетте шығарылатын «Жас толқын» газетінде жарияланып тұрады. Барлық студенттерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын, — деді Студенттік парламентінің төрағасы Н.Төреханов.

Салтанатты кеш одан әрі университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жастар өнерін паш етіп, кештің көркін ашты. Концерт соңы би кешіне ұласып, студенттер ерекше толқыныспен, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ
Студенттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

img_7928

img_7924

img_7906

img_7898

img_7870

img_7884

img_7867

img_7860

img_7859

img_7856

img_7886

img_7843

img_7841

img_7826

img_7861

img_7920