портфель қызмет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

***

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек — Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов — Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев — Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин — Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов — Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев — Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов — Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов — Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов — Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев — Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов — Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев — Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                           Қ.Тоқаев    
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым                                  
№22