латын

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін айтып, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді және оқулықтардың, бәрін де латын әліпбиімен басып шығаруға тиіспіз деген.

Әрине, латын әліпбиіне көшу – кезең талабы. Осыған орай латын қаріптерін қазақ тіліне бейімдеп, таңбалау мәселесі жұршылықтың талқысына ұсынылды. Бұл мәселе жөнінде жалпы жұршылық өкілдері өз пікірлерін білдіріп, тілші­ғалымдар мен тіл мамандары ғылыми тұрғыдан талқылап, үлгілерін ұсынды.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда білім саласына 120 маман қажет

Бұл дұрыс. Біз латын әліпбиіне біртіндеп көшкеніміз жөн. Латын әліпбиіне көшкеннен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Олай дейтін себебім, әлемге кең тарап кеткен латын қаріптерімен таңбаланған ағылшын тілі – қазіргі заман технологисының «тілі». Әлемдегі көптеген мемлекеттердің қарым­қаты­ нас тіліне айналған. Біздің еліміз де өркениет көшіне ілесіп, әлем елдерімен мәдени, сауда­экономикалық қарым­қатынас жасап отырған соң, латын әліпбиіне көшкеннен бас тартпауымыз керек.

Сол үшін латын әліпбиіне көшкен дұрыс деп қолдаймын. Жаңа әліпбиге көшу – жаңғыруымыздың жолы болмақ.

Азамат КЕЛБЕТОВ, 

«Бейнеу мәдени» МКҚК директорының орынбасары