Астанада Маңғыстау күндері

Дәл қазір Астана маңындағы этноауыл той-думанға бөленуде. Қаз қатар тізілген ақшаңқан үйлер ақжарма тілекті қонақтарға есігін айқара ашты. Ақылы көркіне сай, болмыс-бітімі жан сүйсінер ибалы келіндер иіліп сәлем салуда. Қазақы исі аңқыған ауыл іші алтыбақан тебісіп, асық атысқан, аударыспақ ойнап, көкпар тартысқан бозбала-бойжеткенге, бал шұбат, бал қымызды сіміріп, балқаймақ-бауырсақтан, қант-женттен дәм татқан халыққа лық толы.

Мәдени іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов және ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы арнайы келді.

Оқи отырыңыз: Астанада Есенғали Раушановтың шығармашылық кеші өтті (ФОТО)

Елордадағы Маңғыстау мәдениеті күндері аясында  өткізіліп жатқан мәдени шара тұрғындар мен қонақтарды ерекше әсерге бөледі. Ата-ғұрып, салт-дәстүр жәдігерін көз қарашығындай сақтаған Маңғыстау жұртшылығы бұл жолы да бағам биігінен көріне білді.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ