бектубаев

Өткен жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылған болатын. Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен жақында Маңғыстау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының филиалы ашылды. Оның директорлығына өңіріміздің денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек еткен тәжірибелі маман Руслан Бектубаев тағайындалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Руслан Фаризунұлы жаңа ұйымның жұмысы туралы ақпарат берді.бектубаевАтап айтқанда, филиал қызметкерлері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медицианлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алып отырады. Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді  сатып алу мен ақы төлеуді жүзеге асырады. Филиалдың басты міндеттерінің бірі—тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушылары көрсеткен  медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің денсаулық сақтау субъектілерінің орындауын мониторингілеу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша  азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау.

-Ашылғанымызға көп уақыт өтпегеніне қарамастан жұмыс жүріп жатыр,-деді Руслан Бектубаев. -Жақында Қаражамбас кенорнында «Қаражамбасмұнай» акционерлік қоғамы ұжымының өкілдері және техникалық қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірдік. Ірі кәсіпорындар ұжымдарымен, кәсіпкерлермен кездесулер өткізу де жоспарда бар. Медиа-жоспарға сәйкес, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алудың өңірлік комиссиясының құрамы жасақталды. Филиалға 10 штаттық  бірлік бөлініп, қазірге дейін 7 маман жұмысқа шақырылды. Алдағы жылы медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің жабылуына орай филиалға қосымша міндеттер жүктеліп, қызметкерлер қатары да көбеймек. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты сауалы бар тұрғындар бізге келіп, кеңес алуына болады. Мекенжайымыз—Ақтау қаласы, «Звезда Актау» бизнес орталығы, 402 бөлме, оң жақ қанаты. Дегенмен, әзірше мен бір өзім жұмыс жасап отырғандықтан тұрғындар сұрағына жауап беруде аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Келешекте медициналық қызмет көрсететін мекемелермен шартқа отырып, жұмыс жандана түспек.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА