Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау ауылы әкімшілігі аппараты 2016 жылдың қазан айында Маңғыстау ауылының 50 жылдығына арналған «Жыр арқауы – ауылым» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраға Маңғыстау ауылының ақындары қатысады.

 Мүшәйраның мақсаты:

 Маңғыстау ауылын дәріптеу, жеткен жетістіктерін мадақтау, жыр жолдары арқылы қалың қауымға паш ету;

— мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетке деген құштарлықты ояту;

— ақындарды ынталандыру.

 Мүшайраны өткізу тәртібі мен шарттары:

— мүшәйраға 18 жасқа толғандардан бастап қатыса алады;

— ұсынылған шығармалардың көлемі 3 беттен аспауы тиіс;

— мүшәйраға қатысушы үміткер тақырыпқа арналған өлеңдерін 2016 жылдың 10 қазанына дейін «Мүшәйраға» деп жіберуі керек. Қосымша автор жайлы мәлімет (аты — жөні, мекені, жеке куәлігі көшірмесі, телефондары) толық жазылуы керек;

— мүшәйраға ұсынылған өлеңдер мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.;

— өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберілуі;

— мүшәйраға баспасөз бетінде бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады;

— мүшәйраның қорытындысы қазан айының соңғы аптасында анықталады.

— мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдері 2016 жылдың 10 қазанына дейін Маңғыстау әкімшілігінде қабылданып, қазылар алқасының алғашқы сараптауынан өтеді. Лайықты деген өлеңдердің авторлары марапаттауға ұсынылып, қорытынды кешке қатысады.

— қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;

— мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.

    Жеңімпаздарға тағайындалатын сыйақы көлемі:

Бас бәйге                                – 50000 теңге,
Бірінші орын біреу               – 30000 теңге,
Екінші орын біреу                – 20000 теңге,
Үшінші орын үшеу               – 10000 теңгеден,
Ынталандыру сыйлықтары           —  үшеу,
Арнаулы жүлделер               —  үшеу.

Мүшәйраға ұсынылған өлеңдер мен автор туралы мәлімет салынған конверттер  Маңғыстау ауылы әкімшілігіне тапсырылады. Өлеңдердің электронды нұсқасы мына почтаға konbal55@mail.ru жіберіледі.

Байланыс телефоны: 465255 ұйымдастыру алқасы.

     Сонымен қатар Маңғыстау ауылының 50 жылдығына арналған  «Маңғыстау ауылының тарихы»  атты фотобайқау жариялаймыз.

            Байқаудың мақсаты –жас ұрпақтың туған елінің болашағы мен төл тарихына деген құрметін арттыру.

Байқауға қойылатын талаптар:

— Байкауға  Маңғыстау  ауылының тұрғындары қатысады.

— Байқауға кәсіби және әуесқой фотосуретшілер қатыса алады;

— Фотосуреттер мазмұны 1966 – 2016  жылдар аралығындағы Маңғыстау   ауылының тарихын бейнелейтін фотоларды  қамтуы қажет.

— Бір қатысушыдан 3 фотосуреттен артық жұмыс қабылданбайды;

— Фотосуреттер Ережеге сай тақырыпта болуы шарт;

— Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын Маңғыстау ауылының 50 жылдығына арналған шараларға  пайдалана алады;

— Қатысушылар авторлық құқықтарды сақтамаған жағдайда, жауапкершілік қатысушының өзіне жүктеледі.

— Фотосуреттер түрлі түсті немесе ақ-қара түсті болуы мүмкін;

Байқау жеңімпаздары әділқазылардың шешімімен анықталып, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

— Қатысушы өтінімдері мен фотосуреттерді b.kuanyshev@mangystau/gov.kz электрондық почтаға жібере алады немесе Маңғыстау ауылы әкімшілігіне тапсырады:

Берілетін қосымша мәліметтер: аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны. Байланыс телефоны: 465255